Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрген түсіңізді ұмытып қалмау үшін не істеу керектігін білесіз бе?

Опубликовано:

Зерттеушілер адамдардың көрген түсін қалай есте сақтап қалуына болатынын анықтауға тырысты. Бұл туралы NUR.KZ порталы sorokainfo.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түс. Көрнекі фото: VistaNews.ru
Түс. Көрнекі фото: VistaNews.ru: UGC
"Шындыққа жанасатын және эмоцияға толы түстерді адам миы есінде сақтап қалуға тырысады", - дейді аустралиялық нейробиолог Томас Ендрилон.

Зерттеуші түсті барынша есте сақтап қалу үшін жатарда бір шыны су ішуге кеңес беруде. Қуық толған сәтте оянуға мәжбүр болсаңыз, түсіңізді еске түсіру жеңілірек болады екен.

"Түн ортасында ояну түсті есте сақтап қалуға көбірек мүмкіндік береді", - дейді Гарвард медицина мектебінің доценті Роберт Стикголд.

Ол ұйқыдан оянғанда бірден тұрып кетпей, түсіңізде не көргеніңізді еске түсіріп көру керектігін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1735264-krgen-tsiizdi-mytyp-kalmau-sin-ne-isteu-kerektigin-bilesiz-be/

pixel