Ғалымдар ерте жастағы төсек қатынасының қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Ерте жастан бастап жыныстық қатынасқа түскен қыз балалар кейін ана бола алмай қалуы бек мүмкін. Бұл жайлы Балалар денсаулығы ұлттық орталығының "Жасөспірімдерді тәрбиелеудегі медицина-әлеуметтік мәселелер" монографиясында жазылған деп хабарлайды 24tv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: Sovetinfo.com
Фото: Sovetinfo.com: UGC

Мамандардың айтуынша, ерте жастан жыныстық қатынасқа түскен қыздар өздерінің репродуктивті денсаулығына зақым келтіруі мүмкін. Мәлімет бойынша, он бес жастағы оқушы қыздардың 41 пайызы пәктігінен айырылған. Мысал үшін, 1990 жылдары бұл көрсеткіш 30 пайызды құраған.

Анықталғандай, ерте жастағы сексуалды белсенділік гинекология ауруларының жиілеуіне әкеп соқтырады. 2000 жылдан бері 15 жастағы оқушы қыздардағы күйзелістер екі есеге өскен.

Гинекологиялық аурулардың ішінде ең көп таралғаны - вульвовагинит (жыныс мүшелерінің асқыну ауруы). Бұл 50 пайыз жағдайда кездескен. Ал 17 жастағы бойжеткендерде осы аурумен ауырып қалғандар саны 35 пайызға жетуі мүмкін.

Ұлдардың 40 пайызы осындай аурулармен ауыратын болып шықты. Бұл да оның репродуктивті қабілетіне кері әсерін беруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1737899-galymdar-erte-zastagy-tsek-katynasyny-kauipti-ekenin-ajtty/