Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде телефонға телмірген жастар арасында көз ауруы көбейген

Опубликовано:

Елімізде мобильді ғаламтор қолданушылары 2 миллионға жетті. Мұндай жоғарғы көрсеткіш Республикамызда бұрын-соңды болмаған. Бұл өзгеріс телекомуникация компанияларын пайдаға кенелтіп отырғанымен дәрігерлер шектен тыс смартфонға тәуелділік көз ауруларына әкеп соғатынын айтып дабыл қағуда. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: EyesHelp.ru
Көрнекі фото: EyesHelp.ru: UGC

Офтольмолог мамандар алақандай экранға байланып, айналасын байқамайтын адамдармен күресу керек деген ұстанымда. Себебі, көздің көру қабілетінің төмендеуі жастарда жиілеп кеткен.

"Балалардың айпад, айфон, гаджеттерден бас алмай отыруы жақсы емес. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың көзілдірікке мұқтаждығының артқандығы байқалады. Бұл мәселемен мемлекет болып күресуіміз керек. Әр ата-ана өз баласына ғаламторды көп уақыт қолдануға жол бермеу қажет", - дейді Бас офтальмологы Тұрсынгүл Ботабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1739263-elimizde-telefonga-telmirgen-zastar-arasynda-kz-auruy-kbejgen/

pixel