Әйелдер аяғының ауыр екенін түс көру арқылы қалай білген

Опубликовано:

жүкті әйел
Әйелдер аяғының ауыр екенін түс көру арқылы қалай білген: pixabay.com

Түс – кез келген адамның қиялынан немесе көп ойлауынан пайда болатын тылсым күш. Көп жағдайда адамдар түсті түрлі түс жорушылардың жорамалын негізге алып жорып жатса, енді бірі түске аса мән бермейді. Осыған орай, бүгінгі материалда түсте жүкті болу қандай мағынаны береді деген сауалға жауап іздейтін боламыз.

Құрсағыңызға бала біткенін түс арқылы білуге болатынына сенесіз бе? Жүктілік кезінде екіқабат әйелдерде интуиция жақсы жұмыс істей бастайды. Сондықтан сәби туралы түсінде көруі ғажап емес. Жүктілік кезінде көрген түсті жору ежелгі Үндістанда жақсы дамыған, онда әйелдер тіпті баланың жынысына дейін нақты білген деген дерек бар. Олай болса аяғы ауыр әйелдердің көрген түсіне жорамал ұсынамыз.

Балық

Біреулер өзеннен балық аулап жатады, енді біреулері теңіз жануарлары жүзіп жүрген суға қарап тұрады. Тіпті түсінде балықты базардан сатып алатындар да бар. Айта кетейік бұл жүктілікті дәлелдейтін бірден-бір нақты түстердің бірі деп есептеледі.

Егер баланың жынысын да білгіңіз келсе, балықты сатқан адамды есте сақтап қалуға тырыс. Сатушы жігіт болса, ұл бала, әйел адам болса, қыз болады деген сөз. Кейде қатарынан екі балық ұстап алып жатады, онда егіз бала дүниеге келуі бек мүмкін деген сөз.

Жылан

Жүктіліктен хабардар ететін екінші түс – жыландар. Түсіңізде жыланның шағып алуы ежелден бері екіқабаттылықтың белгісі де есептейтіндер бар. Әрине, ғылым бұны әлі күнге дейін дәлелдей алмай келеді, бірақ әйелдер осыған кәміл сенеді.

Су

Ата-ана болу туралы жаңалықты су арқылы да білуге болады дейді түс жорушылар. Түсіңізде мөлдір бұлаққа шомылсаңыз, ағып жатқан өзеннен су ішсеңіз немесе таза теңізде жүзіп бара жатсаңыз, балалы болу ықтималдылығы жоғары. Себебі су өмір бесігінің символы деп саналады.

Бүлдіршіндер

Ұйықтап жатып кішкентай балаларды көру – отбасыныңызға жаңа адамның қосылатынына дәлел. Көптеген әйелдер жүктіліктің алғашқы күндерінде түсінде сәбимен ойнап жатқанын немесе қыдырып жүргенін көреді.

Жүкті әйелдердің түсіне тағы не кіреді:

Жұбайыңызбен оңаша демалысқа бару, жануарлардың балалары, жұмыртқа, тауық, үйрек, алма, гүлдерге толы ваза, бақша, саңырауқұлақ теру, қарбыз жеу

Сонымен бірге түрлі түс жорамалдарында түсіңізде жүктілікті көруге қатысты сан алуан болжамдар бар. Солардың бірқатарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

жүкті әйел
Әйелдер аяғының ауыр екенін түс көру арқылы қалай білген: pixabay.com

Миллердің түс жорамалы

Миллердің түс жорамалына сәйкес, әйел адам түсінде жүкті болса – онда жолдасымен арасында түсініспеушіліктер орын алады деген сөз. Ал тұрмыс құрмаған, бойдақ қыздар түсінде жүкті болса, онда ар-ұятынан айырылады деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты өңінде шын мәнінде жүкті әйел адам түсінде де аяғы ауыр екенін көрсе, онда аман-есен жаны қалады деген мағынаны білдіреді. Десе де түс жорамалдарына сеніп, дәрігерге бармай қоюға болмайды. Себебі, ол сіз бен балаңыздың денсаулығына зиян болуы мүмкін.

Ванганың түс жорамалы

Ванганың түс жорамалы бойынша, егер тұрмыстағы әйел адам түсінде жүкті екенін көрсе, онда ол өңінде егіздерді немесе үшемдерді дүниеге әкеледі деген сөз. Ал тұрмыс құрмаған жас бойжеткен түсінде екіқабат болса, онда ол көп ұзамай өмірлік жарын кездестіріп, оған тұрмысқа шығады деген сөз. Егер әйел адам түсінде бейтаныс бойжеткеннің жүкті екенін көрсе, онда оған ойламаған жерден қаржы келеді деген сөз.

Ислам түс жорамалы

Егер түсіңізде жүкті болсаңыз, онда ол жақсылықтың нышаны. Егер басы бос қыздар осындай түс көрсе, онда ол жақын арады тұрмысқа шығады деген сөз. Ал тұрмыстағы әйелдер түсінде жүкті болса, онда ол көп ұзамай екіқабат болады деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты егер ер адам түсінде жүктілік туралы хабар еститін болса, онда оның табысы артады деген сөз.

Фрейдтің түс жорамалы

Фрейдтің болжамы бойынша, түс дегеніміз – болашақтың белгісі. Сол себепті атақты ғалымның пікірінше, түсте жүктілікті көру, көп ұзамай отбасы жаңа мүшемен толығады деген мағынаны білдіреді екен. Сонымен бірге мұндай түс әйел адамның қазіргі жағдайына көңілі толмайтынын, сол себепті бұдан да басқа ер адамға көңілі ауатынын білдіреді. Ал егер ер адам түсінде нәрестені көрсе, онда ол көп ұзамай әке атанады деген сөз.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалы бойынша түсте жүкті болу – әйел немесе ер адамның материалдың жағдайының жақсаруын білдіреді екен. Шығармашылық адамдары түсінде кішкентай нәрестені көрсе, онда оның шығармашылығы ілгері басады деген сөз. Сонымен бірге ол мұндай түс ер адам мен әйел адамның жыныстық өмірлеріне көңілі толмайтындығының белгісі болуы мүмкін деген болжам да айтады.

Нострадамустың түс жорамалы

Егер бойжеткендерге жүкті екені түсіне кірсе, ал шын мәнінде олай болмаса, демек онда оның өмірінде аздаған қиындықтар мен шығын болады деген мағынаны білдіреді. Егер түсіңізде басқа бір нәзік жандының аяғы ауыр болса, онда біреу сізден қарыз сұрайды деген сөз.

Цветковтың түс жорамалы

Егер бойжеткен түсінде жүкті екенін көрсе, онда оны көп ұзамай әлдекім алдайды деген сөз. Ал жасы үлкен әйелге түсінде аяғы ауыр екені кірсе, онда ол көп ұзамай бір ісіне мақтанады деген сөз. Сол сияқты ер адам түсінде өзін жүкті етіп көрсе, онда ол табысты әрі ауқатты болады деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ бейтаныс әйел екіқабат болса, онда ол қиындықтар туындайды деген сөз.

Эзотерикалық түс жорамалы

Эзотериктер жүктілік туралы түсті екіге бөледі: өзі түсінде жүкті болу немесе басқа адам жүкті болу. Екі жағдайда да мұндай түс жақсылықтың нышаны болып табылады. Егер жас ару түсінде жүкті болса, онда оның өмірінде көп ұзамай сәтсіздіктер немесе шығын болады деген сөз. Ал түсте өзге адамның жүкті болуы – сізден көп ұзамай әлдекім қарызға ақша сұрайды деген мағынаны білдіреді.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің пайымы бойынша түсте жүкті болу түрлі мағына берген. Ол көп жағдай түс көрген әйел адамның жасына мән берген. Егер жас қыз түсінде жүкті болса, онда ол ер адаммен тұрақты әрі жақсы қарым-қатынаста болады деген сөз. Ал жасы егде тартқан әйел адамдар түсінде жүкті болса, онда ол көп ұзамай қайтыс болады деген сөз.

Айға қатысты түс жорамал

Аталған кітапқа сәйкес, бойжеткендердің түсінде жүкті болуы – оның алданып қалуының белгісі болған. Ал жасы үлкен әйел адамдар түсінде екіқабат болса, онда оның материалдық жағдайы жақсарады деген мағынаны білдірген. Сол сияқты әйел адамның жасы неғұрлым үлкен болған сайын, оның табысы да артады деген болжам болған.

Әр түс жорамалында жүктілікке қатысты түрлі болжам бар. Сол себепті аталған белгілерге баса мән берудің қажеті жоқ. Егер түсіңізде жоғарыда аталғандарды көріп, одан күйзеліске түссеңіз, онда тез арада дәрігерге қаралғаныңыз абзал.

Бұдан бөлек, кез келген түстің тек жорамал екенін ғана ұмытпаңыз. Көп жағдайда адамдар тек өз қызығушылықтары үшін ғана, түс жорамалдарының көмегіне жүгінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1741641-jelder-aagyny-auyr-ekenin-ts-kru-arkyly-kalaj-bilgen/

jitsu gif