Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қант диабеті рак ауруына шалдығу каупін арттыратын болып шықты

Опубликовано:

Ғалымдар рактың дамуына қант диабетінің әсері бар екенін анықтады. Бұл туралы Vesti.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Vesti.Az
Фото: Vesti.Az: UGC

Австралиядан, Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген ғалымдар онкологиялық аурулардың қозуына қант диабеті әсер ететінін айтты. Олар соңғы 20 мың науқасты зерттеу арқылы осы тұжырымға келген.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, қант диабетіне шалдыққан әйел адамдардың ракпен ауыру қаупі 27 пайызды құрайды. Ал бұл көрсеткіш ерлерде 19 пайызды ғана құраған.

Сол себепті, әйел адамдарда бүйрек пен асқазан, ауыз қуысындағы қатерлі ісіктер көптеп кездеседі. Ал ер адамдардың басым көпшілігінде рак бауырда пайда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1743891-kant-diabeti-rak-auruyna-saldygu-kaupin-arttyratyn-bolyp-sykty/

pixel