Ғалымдар су арқылы обыр ауруын анықтауды үйренді
Опубликовано:
Басков Университетінің генетиктері мен онкологтары қатерлі ісік ауруын су арқылы оңай анықтауға болады деп отыр. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Зерттеушілер пікірінше, қатерлі ісік дертіне шалдыққан 10 адамның тоғызында кездесетін Tn антигенінің екі түрі тіннің зақымдануын анықтауға кқмектеседі.
Аталмыш антигеннің екі түрі де суға түскенде ұқсас реакция байқалған. Бірінші түрі қатайып қалса, екіншісі керісінше, жұмсара түскен.
Осылайша, Tn молекуласының дамуын бақылай отырып, обыр ауруын анықтауға болады. Сондай-ақ бұл әдіс дерттің қай деңгейге жеткенін білуге де мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1757755-galymdar-su-arkyly-obyr-auruyn-anyktaudy-jrendi/