Телефонын қолынан тастамаған әйелдің саусақтары бүгілмей қалды (видео)

Опубликовано:

Қытайдың Хунань провинциясындағы Чанша қаласының тұрғыны бірнеше күн бойы ұялы телефонын қолынан тастамай ұстап, саусақтары бүгілмей қалған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

shanghai.ist
Фото:shanghai.ist: UGC

Басылымның жазуынша, бір апталық демалысқа шыққан әйел бірнеше күн бойы телефонын қолынан тастамай, тек жатар алдында ғана оған үңілуді қойыпты.

Ал бірнеше күннен кейін буыны қақсап, телефонды ұстаған саусақтары бүгілмей қалыпты.

Содан кейін ол дәрігерге баруға мәжбүр болыпты.

Ақ халаттылар тұрғынға "теносиновит" деген диагноз қойған. Бұл сіңірдің синовиалық қынабының қабынуы.

Ем-дом қабылдағаннан кейін әйелдің саусақ қозғалысы қалпына келген.

Бұл жағдай қайталанбауы үшін дәрігер оған ара-тұра телефонды қойып, қолын демалдырып отыруға кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1759631-telefonyn-kolynan-tastamagan-jeldi-sausaktary-bgilmej-kaldy-video/