Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанттың адам денсаулығына зияны қандай?

Опубликовано:

АҚШ-тың Йель университетіндегі ғалымдар қанттың адамның денсаулығы мен қалыпты салмағын сақтауға көмектесетін ішек микрофлорасын көбейтуге қажетті ақуыз белсенділігін бәсеңдететінін анықтады. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: vladtime.ru
Көрнекі фото: vladtime.ru: Facebook

Ішек микрофлорасы адамның денсаулығы үшін маңызды рөл атқаратындығы белгілі. Оның құрамы тамақтану мөлшеріне байланысты.

Бұған дейін ғалымдар көмірсулар тоқ ішекке жетпей, ащы ішекте ғана сіңеді деп пайымдаған.

Алайда жақында қанттың микрофлора құрамына әсер ететінін анықталды.

Зерттеушілер тышқандарға тәжірибе жасап, астағы жоғары мөлшердегі глюкоза мен фруктозаның оргазимдегі Bacteroides thetaiotaomicron пайдалы бактерияларына қалай әсер ететіндігін талдаған.

Глюкоза мен фруктоза құрамындағы сахароза бактериялар түзілуіне қажетті Roc (regulator of colonization) ақуызының бөлінуін тежейді екен.

Осылайша ғалымдар құрамында көп мөлшерде көмірсулар бар тағамдарды жесе де ақуыз белсенділігі тежелмейтін бактерия штаммын ойлап шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1769129-kantty-adam-densaulygyna-ziany-kandaj/

pixel