Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі дәріханаларда адам жүрегін тоқтататын дәрі еркін сатылуда

Опубликовано:

Отандық дәріханаларда қауіпті "Эреспал" препараты еркін сатылымда жүр. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының зерттеушілері дәрінің адам жүрегін тоқтататын препарат екенін растап отыр деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Көрнекті фото: Pixabay
Көрнекті фото: Pixabay: Facebook

Қазақстан дәріханаларында препарат еркін сатылуда.

Франциялық сарапшылар аталған дәрінің қауіптілігін бірінші болып айтқан. Препараттың жүрек соғысын бұзатыны дәлелденіпті.

Бұл туралы "Сервье" фармакологиялық компаниясының Ресейдегі өкілдігі ресми сайтында жариялады.

Олардың айтуынша, эреспал - демікпе, ринофарингит, ларингит және қызылша секілді бірнеше ауруды емдеуге арналған.

Мамандар препарат жүректің тоқтауына әкелетіндіктен, оны ұқсас дәрімен алмастыруды ұсынады.

Аталған дәріні сатуға Францияда рұқсат етілмеген. Осындай шешімді Ресейліктер де жақында шығарады.

"Дәріні шығарушы компанияның өзі ерікті түрде бұл препараттың адам өміріне қауіпті екенін растап, бізге хабарлап отыр. Кез келген дәрінің өз мерзімі болады.

Біз қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ, біздің қандай да бір шешім шығаруға құзыретіміз жоқ", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Фармакологиялық қадағалау және мониторинг орталығы басшысының орынбасары Мәлік Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1778638-elimizdegi-drihanalarda-adam-zregin-toktatatyn-dri-erkin-satyluda/

pixel