Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макияждың құдіреті: Адам танымастай өзгерген арулар жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Бетке бояу жағу жаралар мен тыртықтарды емдемесе де, оларды жасырып, сұлу келбетке енуге мүмкіндік береді. Әйгілі make-up-әртіс, визажист әрі стилист Гоар Аветисян бұл тұжырымды айтып қана қоймай, дәлелдей де алған. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

24 жастағы өнер иесі үнемі тыртықтары мен меңдері бар аруларға, онкологиямен және басқа да сырқаттармен ауыратын, өз келбеттеріне көңілдері толмайтын сұлуларға көмектесіп жүреді.

Бояуға дейінгі және кейінгі суреттерін Гоар 5,7 млн оқырманы бар Instagram парақшасында жариялаған.

Гоар Дағыстаннан Жәмила есімді қызды шақырып, билетінің қаржысын төлеп берген. 2,5 жасында оның беті күйіп, ауыр жарақат алған.

Үндістанда демалған Гоар тағы бір сұлуға бояу жағуды жөн санапты.

"Екі қыздың анасына ешқашан, тіпті, той күні де кәсіби макияж жасалмаған. Ол бұл сәтті ұмытпайтынын айтты".

"Туғаннан дағы бар болған соң Лиляға екі ота жасалып, терісі ауыстырылған".

"Катяның терісі өте сезімтал, оның үлкен тыртғы бар".

"Владаның көзіне 15 ота жасалған".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780006-makiazdy-kdireti-adam-tanymastaj-zgergen-arular-zrtty-tagaldyrdy/

pixel