RU

Астанада 10 адам қызылша дертінен жансақтау бөліміне түсті

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылша ауруына қатысты кезекті бақылау шараларының нәтижесін жариялады деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Фото:112.ua
Фото:112.ua: Instagram

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде республика бойынша қызылшаға 438 адам шалдыққан.

Олардың ішінде 282 адам - 14 жасқа дейінгі балалар.

"Қызылша барлық аймақтарда тіркелді. Астанада бір аптаның ішінде 99 оқиға болды. Осыған байланысты ауруxанада қосымша кереуеттер қойылып жатыр. Жалпы, республика бойынша 186 адам ауруxанада ем-дом алуда.
Ал Астанада 15 адам ауруxанаға түсті. Олардың ішінде 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиғалар тіркелген жоқ", - деді Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1782279-astanada-10-adam-kyzylsa-dertinen-zansaktau-blimine-tsti/