Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйқының қатерлі ісік пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды

Опубликовано:

Израильдің Бар-Илан атындағы университетінің ғалымдары ұйқының жасушалардағы ДНҚ-ны қалпына келтіріп, ағзаны қартаю мен қатерлі ісіктен сақтайтынын анықтады деп хабаралйды Sputnik Қазақстан.

Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Көрнекі фото: ru.freepik.com: UGC

Зерттеу барысында биологтар тірі балықтардың нейрондарын 3D суретке түсіріп, тәуліктік циклдер кезінде хромосомаларда қандай процестер жүретінін бақылаған.

Белгілі болғандай, ағза ояу кезінде ДНҚ-ның зақымдануы байқалып, бұзылу деңгейі қауіпті шекке жетеді екен.

Ғалымдардың сөзінше, ұйқы жасуша ядросының қызметіне оң әсерін тигізіп, хромосомалардың динамикасын арттырады, әр нейрондағы генетикалық материалдың қалпына келу жүйесін іске қосады.

ДНҚ-ның зақымдануы қартаю мен өлімге әкеп соғатын негізгі процестердің бірі болып саналады.

Алайда кей жағдайда зақымданған жасушалар өлмей, сау жасушаларды дертке шалдықтырып, қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1782308-jkyny-katerli-isik-pen-kartauga-karsy-pajdasy-anyktaldy/

pixel