Көркіне көз тоймайтын велосипедші қыз әлем назарын аударуда
Опубликовано:
Голландиялық талдырмаш мүсінді велосипедші қыз ер азаматтардың жүрегін жаулап, күллі әлемнің таңдайын қақтыруда деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
22 жастағы голландиялық велосипедші Пак Мунен жұртты өзінің спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сәнқойлық келбетімен таңғалдырған. Алайда, журналдардың бетінен жарқ етуге мүмкіндігі болған ару өз өмірін спортқа арнапты.
Велосипедші үнемі жарыстарға қатысып, велоспортта көптеген жетістікке жеткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары Пак Мунен сынды қыздар адамдардың, әсіресе, ер азаматтардың спортпен айналысуына себепші болатынын жазуда.
Пак Мунен бельгиялық Lotto Soudal кәсіби-шосселік командасының қатысушысы.
2017 жылы ол Нидерландының ең сұлу спортшысы болып танылды.
Ол Нидерландының WE Ұлттық чемпионатындағы жарыста, Ле-Семен мен Флеш Валонь, Туре Фландрия веложарыстарында бақ сынаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1784447-krkine-kz-tojmajtyn-velosipedsi-kyz-lem-nazaryn-audaruda/