Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұрланып-бозара бастайды": Дәрігер жүрек талмасына ұшыраған адамдағы басты белгілерді атады

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: newhospital.ru

Қазақстанда жүрек ауруларынан көз жұматын адамдар саны жыл санап артып келеді. Бұрын тек ерлердің жүрек талмасынан көз жұмуы жиі байқалса, қазір әйелдер арасында да жүректің әлсіздігінен бақилық болатындар көбейген. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми Хирургия Орталығы» АҚ интервенциялық кардиология, аритмология және эндоваскулярлық хирургия бөлімінің рентгенохирург дәрігері Бауыржан Орманов жүрек талмасы кезінде болатын басты белгілерді атап, KAZ.NUR.KZ оқырмандарын денсаулықты жіті бақылауға шақырды.

"Миокард талмасының салдарын жою бойынша іске асырылатын шараларға қарамастан, жүректің ишемиялық ауруларынан орын алатын өлім-жітім көрсеткіші жыл санап артып келеді.

Алайда, әрбір адам осындай жүрек талмасы болған жағдайда қалай көмек көрсету керек екенін білуі және көрсете алуы қажет. Бірінші кезекте, үрейге берілмей, науқастан нақты қандай шағымдары бар екенін сұрауы тиіс.

Көбіне мынадай шағымдар болады – арқаға, иыққа, жауырынға, қолға, мойынға, төменгі жаққа берілетін кеудедегі шаншып ауырсыну сезімі; ауырсыну 15 минуттан астам уақытқа созылады және нитроглицерин ішкеннен кейін де басылмайды; сұрланып-бозара бастайды; әлсіздене түседі, тамырдың соғуы және тыныс алу жиілейді.
Мұндай науқастарды жедел жәрдем келгенше, ыңғайлы күйде отырғызып, терезені ашып, оттегінің қолжетімділігін арттыру қажет; тілдің астына нитроглицерин таблеткасын қою (дәріні әрбір 5 минут сайын қайта ішуге болады, бірақ 3 реттен артық емес); ұсақталған аспирин таблеткасын ішкізуге болады; артериялық қысымын өлшеңіз, егер жоғары болса, оны төмендетуге тырысыңыз.

Статистикалық зерттеулер бойынша, дер кезінде көмекке жүгінбеген науқастардың 30%-ы талманы өткерген алғашқы жылдың ішінде көз жұмады. Егер ем алуды дер кезінде бастаса, өлім-жітімді 80%-ға дейін төмендетуге болады", - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1928242-surlanyp-bozara-bastaidy-dariger-zurek-talmasyna-usyragan-adamdagy-basty-belgilerdi-atady/

pixel