Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара түсті масканы неліктен тағуға болмайды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: ozon.ru

Ғаламдық пандемия кезінде маска саудасы күрт көтерілді. Көпшілік медициналық маскаларды түрлендіріп, сәнді маскалар көбея бастады. Алайда, халықтың басым бөлігі тағатын қара түсті масканың зияны да бар болып шықты деп жазады glavnoe.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер Елена Морозованың айтуынша, сән қумақ болғандар қауіпті дерт жұқтырып алуы мүмкін. Өйткені, қара бояғыш өте аллергенді болып келеді. Әсіресе, арзан синтетикадан дайындалған маскалар дерматоздың қозуына соқтырады.

Яғни, қара түсті синтетикадан дайындалған маска түрлі тері ауруларын тудырып, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.

Ал мақта матадан дайындалып, сапалы бояғыш қолданылған маскалар туралы әңгіме бөлек. Алайда, өндірістегі маскалардың көбісі синтетикадан дайындалатыны жасырын емес.

Егер пайдаланатын тауардың сапасын сенімсіз болсаңыз, сән қуып, қара маска тағудың қажеті жоқ. Ең дұрысы – ашық түсті немесе медициналық маскаларды таңдаған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1936787-qara-tusti-maskany-nelikten-taguga-bolmaidy/

pixel