Коронавирустың "омикрон" штамы неліктен жылдам тарайды: Отандық дәрігер себебін айтты

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустың "омикрон" штамы неліктен жылдам тарайды? Бұған Хабар 24 арнасы жауап іздеп көрді.

Соңғы тәулікте ел бойынша 15 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. Бұл бір апта бұрынғы дерекпен салыстырғанда 4 мыңға көп.

Мамандардың пайымдауынша, бұған коронавирустың "омикрон" штамының таралуы түрткі болуы мүмкін. Өйткені инфекцияның бұл түрі аса қауіпті болмағанымен көз ілеспес шапшаңдықпен тарап жатыр.

"Коронавирусты инфекцияның "омикрон" штамының ерекшелігі – оның контагёзділігі жоғары. Контагёздік дегеніміз инфекцияның адамнан адамға жұғу қасиеті. Яғни "омикрон" штамының дельта штамға қарағанда жұқпалылығы 7 есе жоғары. Инкубациялық кезеңі басқа штамдарға қарағанда аз уақытты құрайды, орта есеппен 2-5 күн аралығы", - дәрігер Арайлым Сайлыбай.

"Бұрын коронавируспен ауырсаңыз, омикронның жұқпайтынына еш кепіл жоқ. Сондықтан бойыңыздан ауру белгілерін байқасаңыз дереу дәрігерге қаралыңыз", дейді мамандар. Мұның үстіне вирустың өршуіне байланысты елімізде жедел жәрдем шақырушылар көбейген.

"Бүгінде бізде 3 мыңға жуық мобильді топ бар. "Омикронның" таралуына байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жүктемесі артты. Жағдайға сәйкес, олардың жұмыс жоспары қайта қаралып, Call-орталықтар тәулік бойы қызмет етуде. Алдағы уақытта жүктеме артатын болса, 1600 қосымша мобильді бригада резервте тұр", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1952462-koronavirustyn-omikron-stamy-nelikten-zyldam-taraidy-otandyq-dariger-sebebin-aitty/