Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 пайызы ғана істеп тұр": Қызының бүйрегін ауыстыру үшін 11 млн теңге қажет ана жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Дәния Алтай
Дәния Алтай. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Алматылық алты жасар Дәния Алтайға ота жасату үшін 11 миллион теңге қажет. Қазір бүлдіршіннің бүйрегінің тек 12 пайызы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, кішкентай Дәнияның бүйрегін ауыстыру қажет.

Алайда оның салмағы жасына сай емес, бар-жоғы 11 келі. Туа бітті құлағы естімейді. Нефротикалық синдромның салдарынан сіңірі тартылып, есінен танып қалатын сәті де жиі кездеседі екен. Сол себепті отаны шетелде жасау қажет.

Дәнияның ата-анасы Түркияның клиникасымен келісімге келген. Бірақ ол үшін 11 миллион теңге керек. Баласының өмірі үшін шырылдаған әке-шешесі бұл жағдайға бейжай қарамайтын жомарт жандардан көмек сұрайды.

"Бізге жетпей тұрған ақшаны жинауға көмектесулеріңізді сұраймыз. Дәнияның өзге балалар секілді өмір сүргенін қалаймыз. Өз бетімен жүгіріп, асыр салып ойнағанын көргіміз келеді. Халықтың көмегі шұғыл қажет болып тұр. Әр күніміз санаулы. Өзімнің бүйрегімді балама беремін. Отаны неғұрлым тезірек жасамаса, жағдайы бұдан да ушығып кетуі мүмкін", - дейді анасы Мадина Исабекова.

Дәнияға көмек қолын созғысы келген азаматтар мына байланыс нөміріне +7 747 741 79 45 хабарласа алады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1953185-12-paiyzy-gana-zumys-istep-tur-qyzynyn-buiregin-auystyru-usin-11-mln-tenge-qazet-ana-zanusyra-komek-surauda/

pixel