Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс уақыты белгіленбейді.

Құжатта білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа көшіруге және білім орталықтарының жұмысына рұқсат берілген:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда;
  • жалпы білім беретін мектептерде қоса алғанда 600 оқушыға дейін;
  • бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық сыныптардағы 5-6 сыныптар);
  • саны 600-ден аса оқушысы бар мектептерде - мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемесі бар мектептерде;
  • мектептен тыс ұйымдарда;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика - кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер - онлайн.
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинаның толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға рұқсат беріледі.

Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:

  • егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;
  • 7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1953587-almatynyn-bas-sanitarlyq-darigeri-zana-qaulyga-qol-qoidy/

pixel