Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пандемия әлі біткен жоқ": Отандық эпидемиолог босаңсуға болмайтынын ескертті

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Құлмағамбетова тұрғындарға ревакцинацияның маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Коронавирус аяқталған жоқ, егер Қазақстандағы жағдай тұрақты болса, онда басқа көрші елдерде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Сол себепті COVID-19 жоқ деп айтуға болмайды. Ревакцинация, вакцинация өте маңызды", - деді Гүлмира Құлмағамбетова.

Оның айтуынша, ата-аналар екпе салдыруға жазбаша түрде келісім береді, егер медициналық көрсетілімдер бойынша бас тарту қажет болса, міндетті түрде  дәрігердің рұқсаты керек. Дәрігер вакциналауға дейін баланы тыңғылықты тексереді, екпе қабылдаған соң да бала 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болады.

Гүлмира Құлмағамбетова бүгінгі күні жалпы екпеден бас тарту проблемасы әлі де өзекті екенін жеткізді.

Оның сөзінше, вакцинадан бас тартудың негізгі себептері — азаматтардың жеке көзқарастары, вакциналарға деген сенімсіздік және діни нанымдар.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қарама-қайшы ақпарат та кейбір ата-аналарға әсер етеді.

"Жоспарлы екпелер жыл бойы емханалар мен мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі", - деді Гүлмира Құлмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1966275-pandemiya-ali-bitken-zoq-otandyq-epidemiolog-bosansuga-bolmaitynyn-eskertti/

pixel