Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты қобалжыған сәтте валерьян препаратын көп ішкен дұрыс па

Опубликовано:

Медициналық препарат
Көрнекі фото: Pexels

Көне заманнан бері жүйке жүйесі сыр бергенде ел арасында валерьян дәрісін кеңінен қолданып жатады. Осы ретте аталған дәрінің ағзаға қандай пайдасы бар және оны шамадан тыс қолдану денсаулыққа зиян келтірмей ме деген заңды сауал туындайды. Бүгін дәл осы сауалға жан-жақты жауап іздейтін боламыз.

Валерьян дәрісі: пайдасы мен зияны

Ұйқының жиі бұзылуы, көңіл-күйдегі ауытқулар мен күйзелістің бастапқы кезеңдері – дәл осындай күйді бастан кешірген адамдар ең алдымен валериан сығындысын қабылдауға асық болады.

Дәрілік препарат жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, күйзелістің алдын алады деген болжам бар. Егер препарат аталған келеңсіздіктердің алдын алып, олардың "бетін қайтарады" деп сенсеңіз, қателесесіз. Мұндай жағдайда оның мөлшерін дәрігерден нақтылап білмей, өз бетіңізше қабылдауыңыз – үлкен қателік.

Есіңізде болсын, кез келген дәрі-дәрмектің жанама әсерлері мен оны қолдануға рұқсат етілмейтін жағдайлары болады. Сондықтан оны қолданбастан бұрын, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Десе де валерьян сығындысының пайдасы мен зиянды тұстарын білу артық етпейді. Сол себепті назарларыңызға И.Д.Ароматовтың валериан дәрісінің пайдасы туралы мақаласынан үзінділерді ұсынамыз:

Валерьян дәрісінің пайдасы

Әр үйдің дәрілік қобдишасынан табылатын валерьянның пайдасы жайлы көп жазуға болады. Төменде солардың маңыздыларына тоқталып өтсек:

1. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етеді. Дәрілік препарат бойдағы мазасыздықты аз да болса азайтатындықтан, ол жүрек соғысының ритмін қалыпқа келтіреді. Ал оны ұзақ уақыт бойы қолданса, аритмия белгілерінің алдын алуға болады.

2. Жүйке жүйесіндегі ауытқуларды қалпына келтіреді. Осылайша валерьян дәрісін ішетін адамдар уақыт өте келе күйзеліс, жүйкенің сыр беруі, истерия сынды келеңсіздіктерден арыла алады.

3. Дәріні ішкеннен кейін, мида тыныштық орнап, адам ойын жиі мазалайтын мәселелерді ысырып тастап, бар назарын маңызды шаруаларға аударатын болады.

4. Көп ой мен бір нәрсеге қатты қобалжу ұйқының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондықтан валерьян дәрісі мұндайда денені босаңсытып, миды тыныштандырады. Нәтижесінде ұйқының бұзылуы қалыпқа келеді.

Кейде босаңсудың нәтижесінде, денедегі ауырсынулар да азаяды. Жалпы аталған препарат көптеген өзге дәрілердің орнына қолданыла алады.

Көптің көкейінде жүретін тағы бір сауал – валерьян дәрісін жүктілік кезеңінде пайдалануға бола ма деген сұрақ болып отыр. Дәрілік препарат ең қауіпсіз дәрі-дәрмектің қатарынан болса да, жүктілік кезеңі әйел адамнан өз денсаулығына зор жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сол себепті бұл кезеңде өзін өзі емдеумен айналыспаған абзал.

Сонымен бірге горманалды өзгерістер болашақ аналардың көңіл-күйінің тез өзгеруіне әкелуі мүмкін. Десе де мұндай жағдайда валериан дәрісін дәрігер рұқсатынсыз ішпеген жөн.

Дәрінің ағзаға тигізетін жанама әсері және оны қолдануға болмайтын жағдайлар

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға валерьян препараты рецептісіз тағайындалады әрі оны дәрігер бақылауынсыз қолдануға рұқсат етіледі. Бұл препараттың адам ағзасына кері әсері аз және оны пайдалануға қарсы көрсетілімдер жоқ дегенді білдіре ме?

Жалпы валерьян сығындысын шамадан тыс көп қолданған уақытта да препараттың ағзаға зияны тимейді. Ол бүйрек пен бауырға салмақ түсірмейді, қан қысымын да шамадан тыс түсірмейді.

Десе де мамандар келесі жағдайларда препаратты ішуге кеңес бермейді:

  1. Жүкті әйелдер дәрігер рұқсатын алмаған кезде;
  2. Жолда көлік айдап келе жатқан кезде. Себебі жол адамнан сергектік пен жолда мұқият болуды талап етеді. WebMD мамандары валерьян препараты мұндайда адамның тез реакция беруіне кедергі келтіретінін айтады.
  3. Ішімдік ішіп отырсаңыз немесе бірнеше сағат бұрын ішімдік ішсеңіз. Көптеген адам ішімдік ішкен кезде бас ауырса, валерьян дәрісін ішсе, бас ауруы тоқтайды деп санайды. Алайда ағзадағы спирт әсерінен ол керісінше адамның мас болу күйін одан ары күшейтуі мүмкін.
  4. Көптеген адамдар бас ауруынан арылуға сенеді, бірақ алкогольдің болуына байланысты таблеткалар мас болу әсерін күшейте алады.

Валерьян тұнбасы

Бұған дейін атап өткеніміздей, препаратты тек нормаға сай қабылдау керек. Нақтырақ айтатын болсақ, ересек адамдар күніне үш рет 2 таблеткадан іше алады. Ал 12-17 жастағы жасөспірімдер – 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдай алады. Сол сияқты 12 жасқа дейінгі балаларға күніне – 1 таблетка валерьян дәрісін қабылдауға кеңес беріледі. Ал валерьян тұнбасының мөлшері таблеткаға қарағанда өзгеше:

Ересектер үшін

Ыдысқа 20 тамшыдай (30 тамшыға дейін рұқсат етіледі) тұнбаны құйып, оған қалауыңызша су қосыңыз. Егер шөлдеп тұрсаңыз, суды көп көлемде де ішуге болады. Мұндай тұнбаны күніне үш рет қабылдаған жөн, ал соңғысын ұйықтар алдында ішкен абзал.

Валериана
Валериана: Pixabay

Балалар мен жасөспірімдер үшін

Ғалым А.И.Поповтың айтуынша, тұнбаны ересектердікі сияқты дайындайды, алайда оның мөлшерін баланың жас мөлшеріне байланысты 1 жасқа – 1 тамшы (10 жас - 10 тамшы) деп есептейді екен.

Егер балалар валерьян тұнбасын ішкісі келмесе, тұнбаны ауырған жерге қою арқылы да емдеуге болады. Ол үшін сізге валерьян тұнбасы мен дәке қажет болады. Дәкені тұнбаға батырып, оны ауырған жерге басыңыз. Компресті пакет немесе пленкамен жапсаңыз болады. Дәкені ауырсыну басылғанша немесе жарты сағаттан аспайтын уақытқа қою керек.

Валерьян дәрісінің ағзаға айтарлықтай зияны болмағанымен, оны дәрігер кеңесінсіз, күнделікті ішпеген дұрыс. Кей жағдайда өзіңіздің өмір сүру салтыңызды тексеріп, оны өзгерткен абзал. Бастысы ауырмаңыз!

Назар аударыңыз! Материал тек ақпараттық сипатта беріліп отыр. Дәрігер кеңесінсіз, жоғарыда жазылған емдеу әдістеріне жүгінбеу керек.

Дереккөз:

1. Кароматов И. Д. Валериана лекарственная и перспективы применения и неврологической и общеврачебной практике (литературный обзор) // Биология и интегративная медицина. — 2016. — №1. — С. 91–108.

2. Попов А. И. Широкие возможности применения валерианы лекарственной в медицинской практике // Медицина в Кузбассе. — 2003. — №2. — С. 17—22.

3. Melinda Ratini. What are the risks of taking valerian? // WebMD. — 2019. — 12 February.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1966413-qatty-qobalzygan-satte-valeryan-preparatyn-kop-isken-durys-pa/

pixel