Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас ауырғанда таблеткасыз қалай емделуге болады: Дәрігер кеңес берді

Опубликовано:

Бас ауырып тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Басы ауырған адамның дәрігерге баратыны немесе дәрі қабылдайтыны белгілі. Алайда ресейлік невропатолог Игорь Орлов таблетка ішу симптомды ғана жойып, жағдайды жақсартпайтынын айтты. Ол Sputnik радиосына берген сұхбатында аурудан құтылудың екі әдісін атады.

Бас ауруының негізгі себебі - миға қанның толық жетпеуі.

Денсаулығы сыр бере бастаған бұндай адамдарға көбінесе қан айналымын жақсартатын препараттар ұсынылады, деп атап өтті Орлов.

Оның сөзінше, тек таблеткалардың тиісті әсерді беруге шамасы жетпейді.

Дәрігер "құлақтың жарғағына арнайы майларды тамызу да мидағы қан айналымын жақсартады" деген пікірде.

"Өзіңіз де қолдануға болады. Мәселен, камфора майы. Құлаққа бірнеше тамшы тамызып, турунда (мақтадан бұралған тампон - ред.) қоюға болады. Аталған тиімді процедура да мидағы қан айналымын жақсартады. Егер адамның басы ауырса және ол аурудан құтылғысы келсе, бұл әдіс көмектесуі керек", - дейді Орлов.

Дәрігердің айтуынша, бас ауруынан құтылудың немесе ең құрығанда оның қарқындылығын басудың тағы бір жолы - құлаққа массаж жасау.

"Құлақты алақанмен уқалауға болады. Алақанмен құлақтың жарғағын толығымен жауып, оны аздап басыңыз және баяу қозғалыс жасаңыз.

Бұл қысымның жоғарылауын тудырады және бас ауруын жеңілдетуге, мидағы қан айналымын жақсартуға және құлақтағы артық дыбыстан арылуға өте пайдалы.

Бірақ бұған өте мұқият қарау керек, аталған массаж кезінде адамда ауырсыну болмауы тиіс", — деді Орлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1968692-bas-auyrganda-tabletkasyz-qalai-emdeluge-bolady-dariger-kenes-berdi/

pixel