Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пайдалы балмұздақты қалай таңдау керек: Диетолог кеңес берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресей Тамақтану, биотехнология және тамақ қауіпсіздігі ФЗО диетологы Наталья Денисова пайдалы балмұздақты таңдау ережесін атады. Маман сапалы балмұздақтың құрамында ақуыз, дәрумендер мен кальций болғандықтан, оның адам ағзасына көмегі зор екенін айтты, деп хабарлайды Lenta.ru.

"Балмұздақ толыққанды тамақтануды алмастыра алады. Оның құрамында шамамен 4 пайыз ақуыз, 10-15 пайыз май және 20 пайыз көмірсу бар. Сонымен қатар табиғи сүттен жасалған балмұздақ В2 дәрумені мен кальцийдің қосымша көзі болады",- деді Денисова.

Алайда диетолог балмұздақ калорияға бай өнім екенін айтады. Кремді балмұздақтың немесе пломбирдің 100 грамында 230 килокалориядан көп болады. Сондықтан сән-сымбатын ұстанатындарға күніне 100 грамнан артық балмұздақ жеуге болмайды.

Наталья Денисова жеміс-жидектен жасалған балмұздақта пайдалы микроөнімдер жоқ, ал қант өте көп екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар маман балмұздақ таңдаған уақытта өнімнің құрамына мән беру керек екенін айтады. Сөзінше, оның құрамында қоспа аз болған сайын пайдасы көп.

Одан бөлек Денисова табиғи сүттен немесе кілегейден жасалған балмұздақты жеуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969088-paidaly-balmuzdaqty-qalai-tandau-kerek-dietolog-kenes-berdi/

pixel