Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туберкулездің атынан қорқып, оны жасыруға болмайды": Отандық маман науқастарға ескерту жасады

Опубликовано:

медицина қызметкері
Фото: pixabay.com

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева туберкулез ауруына шалдыққан науқастарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Панагүл Жазықбаеваның айтуынша, туберкулез жұқтырған адам оның атынан қорқып, ауруын жасырып жүретіндер көп. Ал мұндай көзқарас аталған аурудың кең тарауына жола ашады, дейді ол. Маманның сөзінше, бұл қауіпті дертке шалдыққандар оның коронавирус сияқты эпидемиологиялық ауру екенін және одан құлан таза жазылып шығуға болатынын түсінуі керек.

Науқас уақытылы ем алып, туберкулезбен ауырып жүргенін қорықпай айта білсе, айналасындағыларды аурудан сақтайды.

"Туберкулезге қатысты ақпарат дұрыс таралмай жатқан сияқты. Коронавирус пандемиясы болғанда ешкім ауруын жасырған жоқ, емделіп шыққанын ашық айтып жүрді. Туберкулез де ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Одан емделіп шығуға болады.

Басқа ауруларға қарағанда ұзағырақ емделеді, бірақ құлан таза айығып шығу үшін барлық дәрілері бар. Халық арасында туберкулезге деген көзқарасты өзгертуде ақпарат құралдарының рөлі зор", - дейді Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі.

Сонымен қатар Панагүл Жазықбаева туберкулез ауыруына шалдығу көрсеткіші Қазақстанда жыл сайын төмендеп жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта арнайы скринингтердің көмегімен ауруды ерте анықтауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969194-tuberkulezdin-atynan-qorqyp-ony-zasyruga-bolmaidy-otandyq-maman-nauqastarga-eskertu-zasady/

pixel