Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рахит ауруын тудыруы мүмкін": Диетолог ерітілген ірімшіктің көпшілік білмейтін зиянын айтты

Опубликовано:

Ірімшік
Көрнекі фото: pexels.com

Дәрігер-диетолог Светлана Лазарева адам ағзасына зиянды тамақ өнімдерін атады. Оның ішінде ерітілген ірімшік те бар, деп хабарлайды Solenka.info.

Сүт қышқылды өнімдерінің пайдасы туралы бәріміз білеміз. Расымен олардың құрамындағы микроағзалардың ішек пен басқа да мүшелер үшін пайдасы бар. Мамандардың рационға сүт қышқылды өнімдерін қосуды ұсынатыны да кездейсоқ емес.

Дегенмен ресейлік маман кейбір сүт қышқылды өнімдерінің пайдасынан гөрі зияны көбірек екенін айтады.

Светлана Лазареваның сөзінше, солардың бірі - ерітілген ірімшік.

"Бір жағынан бұл өнім кальций, фосфор мен бірнеше дәруменге бай болса, екінші жағынан фосфаттың көзі. Фосфат ерітілген ірімшікке паста тәрізді құрылым беру үшін қосылады және фосфаттың зиян екені бұрыннан дәлелденген. Ол ағзаның кальцийді сіңіруіне кедергі келтіреді.

Одан бөлек фосфаттың айтарлықтай мөлшері ағзамыздағы кальцийдің артық мөлшерін жоя бастайды. Яғни, ерітілген ірімшікті көп тұтынған жағдайда сүйек ауруларына тап болуымыз ғажап емес", - дейді дәрігер-диетолог.

Лазареваның айтуынша, фосфат әсіресе балаларға зиян. Ерітілген ірімшікті көп пайдалану рахит ауруын да тудыруы мүмкін. Сондай-ақ оның құрамында натрийдің көп болуы себепті ол өте тұзды болып келеді.

Осы ретте Светлана Лазарева адам ағзасы үшін зиян және мүмкіндігінше тұтанбау қажет өнімдерді тізіп шықты. Олар:

  • Ерітілген ірімшік;
  • Майсыз тәтті йогурт;
  • Сүт майын алмастырғыштар (пальма майы);
  • Қойылтылған сүт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969430-dietolog-eritilgen-irimsiktin-kopsilik-bilmeitin-ziyanyn-aitty/

pixel