Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өт қабының жұмысын жақсартатын дәрілік шөптерді білесіз бе

Опубликовано:

шай
Өт қабы жұмысын жақсартатын дәрілік шөптерді білесіз бе: Pexels.com

Дәрілік шөптер – халық медицинасының басты құралдарының бірі. Оларды тіпті кейде кәсіби дәрігерлер де науқастарға тағайындап жатады. Мәселен ас қорыту жүйесі мүшелері ауруларының алдын алу үшін, дәрігерлер көп жағдайда өт айдайтын дәрілік шөптерді ем ретінде жазып береді. Себебі дәрілік өсімдіктердің кей түрлері өт қабының жұмысын жақсартатыны дәлелденген. Осы орайда бүгінгі материалда кейбір дәрілік шөптердің өт жұмысын қалай жақсартатыны жайлы, сондай-ақ оларды қандай мөлшерде ішу керектігі әрі кімдерге қолдануға болмайтыны туралы айтатын боламыз.

Өт айдайтын дәрілік шөптер: олардың ағзаға әсері мен қолдану шарттары

Ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы бүгінде ересектермен қатар жастар арасында да жиі кездеседі. Мұндай адамдар көбінесе бауыр тұсының ауыратынын, тамақ ішкеннен кейін жүректері айнып, өздерін ауыр сезінетіндерін айтады. Әдетте осындай патологиялық жағдай бөліп/бөлініп шығатын өт қабының сөліне тікелей байланысты болмақ. Сонымен бірге бауырдан өт сөлінің көп бөлінуі салдарынан ол жиналып, нәтижесінде бауыр жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сонымен бауырдағы өт сөлі дегеніміз не? Ол – бауыр жасушалары бөліп шығаратын, қоңырқай-сары түсті, ащы сұйықтық. Оның ағзадағы басты міндеттері:

  • асқазандағы астың қорыту процесін ішек қуысына ауыстыруды қамтамасыз ету;
  • ұйқы безінің ферменттері үшін қауіпті болып саналатын пепсин әсерін бейтараптандыру;
  • астың жеңіл қорытылуы үшін ферменттер әсерін күшейту;
  • ішек моторикасын белсенді ету;
  • астың ішекте тұрып қалмауы үшін шырыш бөліп шығару;
  • холецистокинин мен секретиннің (асқазан-ішек гормондарын) бөлініп шығуын ынталандыру;
  • билирубин мен холестеринді ағзадан шығару;
  • ақуыздарды қорыту жұмысына қатысу;
  • бактерицидтік әсер.

Өттің жиналу қызметін өт қабы атқарады. Өт қабы жұмысындағы ауытқушылықтар дұрыс тамақтанбаудан (майлы тағамдарды көп жеу, уақтылы тамақтанбау), экологияның нашарлауынан, дәрілер мен ішімдікті шамадан тыс көп ішу, көп қимылдамау салдарынан болып жатады. Мұндай кезде өт қабында өт жиналып қалады. Бұл өз кезегінде түрлі ауырсынуларға әкеп соқтырады:

  • ауызда ащы дәмнің болуы;
  • жүрек айну, асқазанның ауыруы, көп кекіру;
  • ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
  • диарея немесе іш қату;
  • зәрдің қоңыр түсті болуы және нәжістің сарғаюы;
  • бауыр аймағының сыздап ауыруы (әсіресе физикалық жүктемеден кейін);
  • бауырдың ұлғаюы (УЗИ немесе пальпация жасау барысында көрінеді);
  • терінің және көз қуысының сарғаюы.

Аталған ауырсыну белгілерін дәрігермен кеңескен кейін ғана нақтылап білуге болады. Сол себепті алдымен өз дәрігеріңіздің қабылдауында болғаныңыз жөн. Ал дәл осындай ауырсыну белгілерін өзіңізде байқап жүрсеңіз, онда өт айдайтын препараттарды қабылдаған абзал деген қорытынды жасауға болады.

шай
Өт қабы жұмысын жақсартатын дәрілік шөптерді білесіз бе: Pexels.com

Әрине холецистит пен өт тасы сияқты күрделі ауруларды тек дәрігердің кеңесімен, арнайы медицина мекемелерінде емдеу керек. Бірақ бауыр мен өт қабы жұмысын халықтық әрі классикалық медицинада да қолданылатын дәрілік шөптермен де жақсартуға болады. Осы орайда кімдерге өтті айдайтын дәрілік препараттарды ешуге болмайды деген заңды сауал туындайды. Бұл ретте өт жұмысын жақсартатын шайларды денсаулығында төмендегідей ақаулары бар адамдарға ішуге кеңес берілмейді:

  • ағзаның кей шөптерді көтере алмауы, оның ағзаға жағымсыз әсері;
  • бауыры қатты ауыратын адамдар;
  • өт жолында ауытқушылықтары бар науқастар;
  • өткір фазадағы холецистит және панкреатитпен ауыратын жандар;
  • асқазанда жарасы бар адамдар;
  • бауыр жасушалары уланған адамдарда;
  • өт тасымен ауыратындар;
  • гепатитпен (В, С) науқас жандар.

Ескере кетерлігі, аталған кеңестердің барлығы тек танысу сипатында ұсынылып отыр. Аурудың алдын алу әрі оны емдеу үшін, міндетті түрде өз дәрігерге барып, қаралуға кеңес береміз.

Өт айдайтын дәрілік өсімдіктер

Дәрілік шөптерден жасалған өт айдайтын шай – өт қабында өт сөлі тұрып қалған жағдайда, оны сыртқа шығаратын ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Дұрыс таңдалған дәрілік шөп:

  • Тұрып қалған өт сөлін ыдыратады. Мұндай дәрілік шөптердің көмегімен, өттегі сөлді ыдырап, оның ағзадан шығарылуына қол жеткізуге болады.
  • Бауыр жасушылары арқылы өт сөлін шығару процесін жеделдетеді;
  • Өт жолы жұмысын жандандыру, сонымен бірге ауырсынуларды тоқтатады. Осы тәсіл арқылы жалпы ағзадан өт сөлін шығару әрі оның айналымы жұмысын жақсартуға болады.

Өт қабындағы сөлді қалай сұйылтуға болады? Ол үшін өт айдау қабылеті бар дәрілік шөптерді қолданады. Осы орайда назарларыңызға өтті айдайтын дәріліс шөптердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Дәрілік қырмызыгүл

Дәрілік қырмызыгүл – өт қабы жұмысын жақсартатын бірден бір дәрілік шөп болып табылады. Дәрілік қырмызыгүлдің төмендегідей дәрілік сипаттары бар:

  • бактерицидті;
  • қабынуға қарсы;
  • спазмолитикалық;
  • холеретикалық.
Дәрілік қырмызыгүл
Дәрілік қырмызыгүл: Pexels.com

Өт жұмысын жақсарту үшін қырмызыгүл тұнбасын немесе қайнатпасын ішу керек. Ол үшін 3 ас қасық құрғақ гүлді алып, оған 300 мл көлемінде су құйып, шәйнекте қайнатып алыңыз. Тұнба қайнаған соң, газдың астын басып, оны тағы да 5 минут қайнатыңыз. Тұнбаны тағы бір тәулік тұндырыңыз. Дайын тұнбаны тамақтану арасында 50 мл. көлемінде ішіп отырыңыз.

Бақбақ дәрілік өсімдігі

Дәрілік бақбақ өсімдігінің адам ағзасына пайдасы көп. Оның өт қабына пайдалы тұстары туралы ғалымдар өз зерттеулерінде жазған болатын.

Бақбақ
Бақбақ: Pexels.com

Дәрігерлер бақбақ тұнбасы өт қабының қабынуының алдын алып, өт сөлінің ыдырату әрі оны ағзадан шығаруға көмектеседі дейді. Сонымен бірге аталған дәрілік шөптің антисептиктік әрі зәр айдау қабылеті де бар екен. Алайда төмендегідей патологиясы бар адамдарға бақбақ тұнбасын қабылдауға үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • гастрит;
  • колит;
  • геморрой;
  • бауырда немесе бүйрегінде тасы бар адамдар.

Жүгері талшықтары

Жүгері талшықтары – өт айдау қабылеті бар ең тиімді өсімдік болып табылады. Бұл туралы "Биология және интегралды медицина" медициналық журналында жарияланған ғылыми мақалада белгілі болды.

Жүгері талшықтары
Жүгері талшықтары: Pexels.com

Жүгері талшықтарын төмендегі аурулармен науқастанған адамдарға қосымша ем ретінде қолданады:

  • холангит;
  • холецистит;
  • өт қабында және өт жолындарында тасы бар адамдар;
  • гепатит.

Жүгері талшықтарының халықтық медицинадағы басты ролі – өт сөлін ыдыраты білу және билирубин деңгейін бақылай алу қасиеті болып табылады. Сол себепті көп жағдайда жүгері талшықтарынан емдік шайлар мен тұнбалар әзірлеп жатады. Аталған дәрілік өсімдіктерден бөлек, өт қабы мен өт жолдары жұмысын жақсарту үшін, төмендегідей дәрілік өсімдіктер пайдаланылады:

  • андыз;
  • жусан;
  • толғақшөп;
  • дақтары бар сүтті ошаған;
  • қалақай;
  • түймешетен;
  • татар шөбі (каламус);
  • тау арникасы.

Сонымен бірге келесі кеңестерге құлақ түруге кеңес береміз:

  • өт сөлі жиналған кезде – жүгері талшықтары, бақбақ, қайың жапырақтарынан жасалған тұнбаны;
  • дискинезияда — салаубас, итмұрын, жалбызды;
  • ·олециститте — жусан, шатыраш, қырмызыгүл, түймедақ;
  • өт жолдарында тастың жиналуының алдын алу үшін — салаубас, шайқурай, жалбыз, мелисса, түймедақ және батпақ аирын ішуге кеңес беріледі.

Өтте сөл жиналып қалған кезде ауырсынуды басу үшін әрі өт қабы және өт жолы ауруларының алдын алу үшін, аталған дәрілік өсімдіктер жиі пайдаланылады. Оларды жеке-жеке немесе бірге пайдалануға болады. Ең бастысы – дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Тек дәрігерлер ғана сіздің денсаулығыңызға қандай дәрілік шөп қажет екенін әрі өт қабына қатысты ауруларды қалай емдеу керектігін біле алады.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық сипатта жазылған. Аталған кеңестерді дәрігердің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

Дереккөздер:

1. Халилова Р. С., Кароматов И. Д. Жүгерінің емдік қасиеттері // Биология және интегралды медицина. — 2017. — №11. — С. 230–235.

2. Dan Brennan. Dandelion Tea: Is It Good for You? // WebMD. — 2020. — 19 September.

3. Nguyen Ngoc Minh. Tensile behavior and extensional viscosity of bile // National Library of Medicine. — 2019.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1970070-ot-qabynyn-zumysyn-zaqsartatyn-darilik-sopterdi-bilesiz-be/

pixel