Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нитратсыз қарбызды қалай таңдауға болады: Диетолог кеңес берді

Опубликовано:

Қарбыз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз мезгілі бастала салысымен дүкендерден қарбызды көптеп кездестіреміз. Алайда оның кейбірінің құрамында нитрат көп мөлшерде кездеседі. Ресейлік диетолог Елена Соломатина бұл ағзадағы оттегінің төмендеуіне әкелетінін жеткізді, деп жазады Вечерняя Москва басылымы.

Оның айтуынша, әлі қарбыз маусымы басталмаған.

Қарбыздың бәріне өсіру стимуляторлары қолданылған. Әдетте бұған селитраны пайдаланады, дейді диетолог.

"Осыған байланысты қарбыздар белгілі бір жағдайда нитритке айналатын нитраттардың көп болуымен қауіпті. Ол гемоглобинді белсенді емес түрге алмастырады. Бұл жасушалардың тыныс алу үрдісін бұзады, салдарынан тіндер мен органдарда оттегі азаяды", - деді Елена Соломатина.

Осы орайда маман қауіпті қарбызды қалай ажыратуға болатынын сөз етті.

Еленаның айтуынша, қауіпті қарбызды қақ бөлген уақытта ақ немесе сары тамыршықтары көрініп тұрады және мәйегі қантсыз болады.

Бұдан бөлек сарапшы қарбызды таңдағанда оның түсіне назар аударудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Өйткені аталған жемісті өсіру кезінде бояу қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1973751-dietolog-qarbyzdy-qalai-tandau-kerektigin-aitty/

pixel