Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егіз қыздарына донор таппаған ата-анасы оларға өз бүйрегін берді (фото)

Опубликовано:

Егіз қыздарына бүйректерін берді
Скриншот: Weibo

Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары уремиямен ауыратын егіз қыздарына бүйрегін беріп, оларды аман алып қалды. Бұл туралы South China Morning Post жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның жазуынша, Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының 18 жастағы апалы-сіңлілі тұрғындары Сяожу мен Сяои 2021 жылдың шілдесінде уремияға шағымданып, ауруханаға түскен.

Генетикалық мутациядан туындаған ауру салдарынан науқастардың бүйрегі істемей, несеп арқылы зиянды заттардың шығуы тоқтап қалған. Бұл токсиндердің қанға енуіне әкеліп соққан.

Қыздардың өмірін тек трансплантация құтқаратын еді. Бірақ үш ай бойы диализ жасап, екі ай бойы донор іздеу еш нәтиже бермеген.

2022 жылғы сәуірде Сяожудың жағдайы күрт нашарлағандықтан, оның 40 жастағы Ху есімді анасы науқас қызына бүйрегін беруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде ота сәтті өткен.

Ал маусым айында Сяоидің де жағдайы күрт нашарлап кетеді. Қызының ауыр хәлін көріп, өзін қоярға жер таппаған әкесі донор болуға келіседі.

"Отбасының негізгі асыраушысы болғандықтан, егер мен бүйрексіз қалсам, табысымыздан айырылып қалуымыз мүмкін деп те ойладым. Бірақ қызымның қиналғанын көргенде, өзімді қоярға жер таппай, донор боламын деп шештім", – дейді ер адам.

Егіздерді емдеген дәрігер Чжоу Цзянцяоның айтуынша, ата-анасының бүйрегі қыздардың ағзасына сәйкес келіп, егіздердің жағдайы жақсара бастаған. Қазір Сяои ауруханада емделіп жатыр, ал Сяожу өзін жақсы сезінгендіктен, үйіне жіберілген.

"Бізге екінші рет өмір сыйлаған ата-анамызға рахмет", – дейді Сяои.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1978062-egiz-qyzdaryna-donor-tappagan-ata-anasy-olarga-oz-organdaryn-berdi-foto/

pixel