Елордалықтар үшін қазір коронавирусқа қарсы қандай вакцина қолжетімді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда қандай вакцина барын айтты
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Нұр-Сұлтанда өткен брифингте елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазіргі таңда қала тұрғындары коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыра алатынын және препараттың қанша дозасы қалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қазіргі уақытта вакцинация және ревакцинация үшін бір ғана вакцина қолжетімді. Ол - қытайлық өндірушінің Sinopharm вакциансы. Бүгінгі таңда қалада бұл вакцинаның 214 мың дозасы бар. Бұл жеткілікті мөлшер", – дейді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, жалпы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жасы бойынша қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар адамдарды қоспағанда, 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының 60 пайызына вакцина салу жоспарланған.

"Бүгінгі таңда 533 мың адам вакцинаның 1-ші компонентін алды, 512 мың адам толық иммундаудан өтті. Қала бойынша емханаларда 34 егу пункті бар, олар 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді", – дейді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында егер Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтетін болса, елордада қандай шектеулер енгізілетіні жөнінде де айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979347-elordalyqtar-usin-qazir-koronavirusqa-qarsy-qandai-vakcina-qolzetimdi/