Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық дәрігер күннің қатты ысуы көлік жүргізушілеріне неліктен қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Күннің ыстығында қоғамдық көлік пен өз машинаңызда кондиционерсіз отыру - өте қиын. Бұндай ауа райы созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті, деп ескертті Алматы қалалық №2 емхананың жалпы практика дәрігері Айдана Нұрлыман.

Дәрігердің айтуынша, күндізгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін мүмкіндігінше көлікте отырмаған жөн. Себебі бұл уақытта күннің сәулесі "өткір" болады.

"Күннің қатты ысуы әсіресе жүрек ауруы мен гипертониясы бар адамдар үшін қауіпті. Жоғары ауа температурасы кезінде жүрек пен қан тамырларына қосымша жүк түседі. Нәтижесінде қан қысымының көтерілуі және стенокардия ұстамасы пайда болады. Олар кеуде тұсындағы ауырсынумен қатар жүреді", - деп түсіндірді Айдана Нұрлыман.

Осы орайда дәрігер ыстық күнде жол жүретін көлік жүргізушілері мен жолаушыларына кеңес берді. Оның сөзінше, денеге көп жүктеме түсірмес үшін табиғи жеңіл матадан киім кию қажет.

Сонымен қатар маман суды көп ішуге кеңес береді.

Бұдан бөлек дәрігер ыстық ауа райында жеңіл тамақ жеудің маңызды екенін жеткізді. Айдана Нұрлыманның сөзінше, жоғарғы температурада жемістер, көкөністер, қайнатылған тауық етін немесе балықты тұтынған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979698-otandyq-dariger-kunnin-qatty-ysuy-kolik-zurgizusilerine-nelikten-qauipti-ekenin-aitty/

pixel