Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

QazVac ДДСҰ-ның соңғы мақұлдауын алды ма: Денсаулық сақтау министрінің жауабы

Опубликовано:

QazVac вакцина
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ДДСҰ сарапшылары қазақстандық QazVac вакцинасына күзде баға беретін болады. Бұл туралы "Министрмен таңғы ас" жобасы аясында KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

"Бұл өте ұзақ процедура. ДДСҰ мамандары келіп, өндірісті, вакцинаның барлық стандартқа сәйкестігін зерттейді. Бұған дейін бізге ұсыныстар берілді, біз барлық қажетті шараны қолдандық. Күзде ДДСҰ өкілдері өз бағасын беру үшін қайта келуі керек. Әзірге QazVac түпкілікті мақұлдауын алған жоқ", — дейді Денсаулық сақтау министрлі KAZ.NUR.KZ журналисі Әсел Кенжалинаға берген сұхбатында.

Алайда министрдің айтуынша, қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, QazVac қазақстандықтарға егілетін ковидке қарсы вакциналардың ішінде ең жоғары тиімділікті көрсетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980595-qazvac-ddsu-nyn-songy-maquldauyn-aldy-ma-densaulyq-saqtau-ministrinin-zauaby/

pixel