Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажар Ғиният QazVac-ты сынағандарға: Қазақстан ғалымдарының құзіреттілігіне күмән келтіруге негіз жоқ

Опубликовано:

QazVac вакцинасы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният QazVac-ты сынағандарға қатысты пікір білдірді. Ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық ғалымдардың вакцина жасауда мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

"Барлық зерттеу аяқталды, ғалымдарымыз барлық мәселе бойынша түсініктемелер берді. Сонымен қатар олардың жұқпалы аурулармен жұмыс жасауда және вакциналарды әзірлуде мол тәжірибесі бар. Біздің аумақтың жартысында аса қауіпті аурулардың табиғи ошақтары бар. Біздің ғалымдарымыз өмір бойы патогенді агенттерді алып, вакциналар мен диагностикалық әдістерді әзірлеумен айналысып келеді. Сондықтан олардың құзыреті мен жұмысының сапасына күмәндануға негіз жоқ", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандық QazVac вакцинасы кей дәрігерлер мен ғалымдар арасында пікірталас тудырған болатын. Олар клиникалық сынақ нәтижелері жоқтығы мен күмәнді компоненттерді алға тартып, отандық препаратпен вакцинациялануды ұсынбайтынын айтты.

Десе де Ажар Ғиният қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, QazVac қазақстандықтарға жасалған ковидке қарсы вакциналардың ішінде ең тиімді екенін атап өтті. Алайда QazVac ДДСҰ-дан түпкілікті рұқсат алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980600-azar-giniyat-qazvac-ty-synagandarga-qazaqstan-galymdarynyn-quzirettiligine-kuman-keltiruge-negiz-zoq/

pixel