Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажар Ғиният COVID-19 салдарынан бизнеске шектеу қойылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Министрмен таңғы ас" жобасы аясында KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында коронавирустың жаңа толқынының басталуына байланысты шектеу шараларын енгізу қаншалықты мүмкін екеніне қатысты түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау министрі әзірге жағдай ауыр еместігін атап өтті.

"Бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты ескере отырып, барлық шектеу шарасы енгізілді. Шынында да, бастапқыда барлық аурухана толып кетті, науқастарға төсек-орын жетіспеді, тіпті дәліздерде өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға, көшеде емделуге тура келді. Көптеген елдегі жүйелер оған төтеп бере алмады. Инфекцияның берілу тізбегін механикалық түрде үзу үшін бізге локдаун енгізіп, барлығын жабуға тура келді. Қазір, бақытымызға орай, мұның бәрі жоқ", - деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, бүгінде барлық дәрі-дәрмек қоймада бар, коронавирус жұқтырған науқастарға арналған төсек орындардың жүктемесі шамамен 30 пайызды құрайды.

"Сондықтан карантиндік шектеу шаралары туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Тіпті күніне 16 мыңға дейін адам ауырған қаңтар толқынында да қатаң шектеулер болған жоқ. Әзірше біз ковидтің ағымын, салдарын, емханалардағы, жедел жәрдем көліктеріндегі, стационарлардағы жүктемені бақылап отырамыз. Тамыз айының соңына қарай жағдайдың әрі қарай қалай өрбитіні белгілі болады деп ойлаймыз. Жағдай күнделікті бақылауда, алдағы 2 апта бұдан әрі не істеу керектігін көрсетеді", - деп қосты Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980601-azar-giniyat-covid-19-saldarynan-bizneske-sekteu-qoiyluy-mumkin-be-degen-saualga-zauap-berdi/

pixel