Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде нәрестенің COVID-19-ға қарсы вакцинадан кейін көз жұмғаны туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде "Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы салынған екі айлық бала жүрек ұстамасынан көз жұмды" деген ақпарат тарады. Stopfake.kz бұның шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді.

Көз жұмған бала туралы ақпарат әлеуметтік желінің ағылшын тілді сегментінен келген. Ал батыс фактчекерлері оны жоққа шығарып отыр.

Rappler порталының мәліметінше, сәби өлімі туралы есептің скриншоты вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылау жүйесінің ресми порталынан (VAERS) емес, бөгде платформада жарияланған.

"VAERS жүйесінің өзінде 1015467 нөмірімен тіркелген өтініш - баланың қайтыс болғаны туралы емес", - делінген хабарламада.

Осы орайда басылым екі айлық баланың өлімі туралы есеп жарияланған портал MedAlerts.org деп аталатынын және ол мемлекеттікі емес екенін келтірді. Сайт "Вакцинация мәселелері жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы" ұйымына тиесілі.

Бұл - белсенді қызмет ететін және вакциналар туралы жалған ақпарат тарататын АҚШ-тағы ең көне антиваксерлер бірлестіктерінің бірі. Яғни, олардың сайтында жарық көрген барлық ақпарат біржақты және жалған болуы ықтимал.

"Қорыта айтқанда, қайтыс болған екі айлық бала туралы ақпарат - ресми құжаттармен немесе дереккөздермен расталмаған және ойдан шығарылған оқиға", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980781-zelide-narestenin-covid-19-ga-qarsy-vakcinadan-keiin-koz-zumgany-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel