Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарбызды күнде жесе не болады: Алматылық дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Қарбыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Егер адам денсаулығында ешқандай проблема болмаса, онда қарбызды күнделікті жей беруге болады. Оны күнделікті тұтыну жүрек бұлшықеттері мен бүйректі нығайтады. Бұл туралы жоғары санатты дәрігер, терапевт әрі кардиолог Лейла Оспанова айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Егер жастар қарбызды күнделікті тұтынса, мұның еш айыбы жоқ. Бұл олар үшін пайдалы болмақ. Өйткені қарбыз жүрек бұлшықеттері мен бүйректі нығайтады. Қарбыз - шын мәнінде дәрумендер қоймасы деуге болады", - дейді дәрігер.

Дегенмен Лейла Оспанованың сөзінше, егер адамның бүйрегінде проблема болса, онда қарбызды жемеген абзал. Себебі жеміс бүйректегі тастардың шығуына ықпал етуі мүмкін.

"Бауыры ауыратын адамдардың қарбыз жегені өте жақсы. Бірақ селитра болмас үшін оны мұқият таңдау керек. Гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бар адамдарға әлі күнге дейін бұл өнімді тұтынуды шектеуге кеңес беріледі, өйткені бұл аурулар қант диабетімен қатар жүреді. Ал диабетке шалдыққан адамдарға өкінішке қарай, қарбыз жеуге болмайды", - деді сарапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1982499-qarbyzdy-kunde-zese-ne-bolady-almatylyq-dariger-zauap-berdi/

pixel