Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ланъя" генипавирусының белгілері қандай: COVID-19 жол бермеу жөніндегі ВАК пікір білдірді

Опубликовано:

Бетперде5
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қытайдан анықталған "Ланъя" генипавирусының белгілері туралы ақпарат таратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Комиссияның ресми Telegram каналы Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ екенін мәлім етті.

Ведомство атап өткендей, "Ланъя" вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған. Кейіннен екі жыл ішінде Қытайдың екі провинциясында тағы 35 адамнан осындай вирус анықталған.

Науқастарда қызба, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы сияқты белгілер байқалған.

"Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар вирусты ауру жануарлардан жұқтырады. Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерден анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1982555-lanya-genipavirusynyn-belgileri-qandai-covid-19-zol-bermeu-zonindegi-vak-pikir-bildirdi/

pixel