Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған.

"31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтауда ем қабылдап жатыр", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін астанадағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап бара жатқан қыздың аман қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қызды құтқарған жігіт неліктен сыйлық пен марапаттан бас тартқанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1982734-nur-sultanda-10-qabattan-qulagan-balanyn-zagdaiy-belgili-boldy/