Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уланып қалуыңыз мүмкін": Диетолог тоңазытқышта сақтауға болмайтын өнімдерді атады

Опубликовано:

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын өнімдер
Көрнекі фото: Pexels.com

Кейбір өнімдерді, мысалы, жарма немесе нанды тоңазытқышта сақтамаған жөн. Олар өз қасиетін жоғалтып, денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Вечерняя Москва-ға" сілтеме жасап.

"Тоңазытқышта пісірілген күріш, макарон өнімдері мен жармаларды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ылғалды ортада патогенді микроағзалар көбейеді де, салдарынан өнім тез бұзылады. Бірнеше күннен кейін уланып қалуыңыз мүмкін. Айта кететін нәрсе, оливье сияқты салаттарды да тоңазытқышта сақтауға болмайды", – дейді диетолог Елена Соломатина.

Диетолог қызанақтарды тоңазытқышта сақтауға болмайтынына назар аударды: олар дәмі мен хош иісін жоғалтады. Нан да салқындаған кезде дәмін тез жоғалтады деп атап өтті маман.

Сонымен қатар ол тоңазытқышта сақтауға болмайтын басқа да өнімдерді атады.

"Шай, кофе, какао, әр түрлі шөптер – ауа өткізбейтін барлық зат тез ылғалданады және көгереді. Дәмдеуіштер де (бұрыш, куркума және т.б.) бұзылады. Кез келген қағаз пакет дымқыл тартып, өнімді бүлдіреді. Кептірілген жемістер, печенье, нан, қытырлақ картоп, жаңғақтар ылғалды тез сіңіріп, көгереді", – дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1983761-ulanyp-qaluynyz-mumkin-dietolog-tonazytqysta-saqtauga-bolmaityn-onimderdi-atady/

pixel