ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы вакцинаны бөліп салу мәселесін талқыламақ

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының консультациялық кеңесі қазан айының басында маймыл шешегіне қарсы вакцинаның бөлшек дозасы туралы ақпаратты бағалау үшін кездесу өткізеді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналы.

Ведомствоның таратқан мәліметінше, бұл стратегия жаңа емес және басқа вакциналарға қолданылады. Оның шеңберінде стандартты дозаның бір бөлігі ғана пайдаланылады, алайда бұл иммундық реакцияны тудыру үшін жеткілікті.

"Біз маймыл шешегіне қарсы вакциналардың тиімділігі туралы деректерді мұқият қадағалаймыз. Қазан айының басында біз жиналған ақпаратты бағалап, біздің ұстанымымыз қандай екенін айтамыз. Бөлшек мөлшерлеу одан да тиімдірек болатын шығар", - дейді ДДСҰ маманы.

Сонымен қатар ұйым қазіргі уақытта маймыл шешегі туралы деректер көп емес екенін атап өткен. Осы ретте ДДСҰ барлық елден маймыл шешегі туралы ақпаратты мұқият жинақтап, ұйымға бөлісуді сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1985066-ddsu-maimyl-sesegine-qarsy-vakcinany-bolip-salu-maselesin-talqylamaq/