Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 431 адам тіркелген, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
1 қыркүйекте коронавирус анықталған 431 адамның:
- 34-і Алматы қаласынан;
- 3-еуі Шымкент қаласынан;
- 53-і Ақмола облысынан;
- 17-і Ақтөбе облысынан;
- 4-еуі Алматы облысынан;
- 7-еуі Жетісу облысынан;
- 11-і Атырау облысынан;
- 9-ы Шығыс Қазақстан облысынан;
- 3-еуі Абай облысынан;
- 13-і Жамбыл облысынан;
- 44-і Батыс Қазақстан облысынан;
- 46-ы Қарағанды облысынан;
- 2-еуі Ұлытау облысынан;
- 41-і Қостанай облысынан;
- 13-і Маңғыстау облысынан;
- 27-і Павлодар облысынан;
- 36-ы Солтүстік Қазақстан облысынан;
- 2-еуі Түркістан облысынан.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 389 120 жетіп отыр.
Айта кетейік, 31 тамызда елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 210-ға дейін азайған еді. Ал 30 тамызда 230 адамнан COVID-19 анықталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1985830-elimizde-otken-taulikte-tagy-431-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/