Мектеп сөмкесінің ауыр болуы оқушыға қауіпті ме: дәрігер кеңесі

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыр салмақты мектеп сөмкесін алып жүру баланың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін, деп ескертті Алматы қалалық №4 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Динара Қалиева KAZ.NUR.KZ оқырмандарына.

Дәрігердің айтуынша, салмағы тым ауыр сөмке балалардың омыртқасының қисаюына әкеп соғуы мүмкін. Енді біреуінде бір иық екіншісінен жоғары болады.

"Сонымен қатар сөмке салмағының тым ауыр болуы салдарынан ауырлық орталығы мен табанның қысымы өзгере бастайды. Мұндай жағдайда балада жалпақ табан қалыптасуы мүмкін. Нәтижесінде баланың остеоартикулярлық жүйесінің бүкіл архитектурасы толығымен бұзылады", - деп түсіндірді дәрігер.

Динара Қалиева егде жаста бұл проблемалар грыжа, остеохондроз және остеопорозға айналуы мүмкін екенін де атап өтті.

Сондай-ақ маман ортопедиялық арқасы бар рюкзак сатып алған дұрыс екенін түсіндірді.

Айта кетейік, сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10-15% құрауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1987309-mektep-somkesinin-auyr-boluy-oqusyga-qauipti-me-dariger-kenesi/