Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда емханаларға тіркелу науқаны басталды

Опубликовано:

Емхана
Көрнекі фото: trend.az

Бүгін, 15 қыркүйекте елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау бойынша бекіту науқаны басталады. Дәстүрлі түрде бұл іс-шара 2 ай бойы өткізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтып берді.

"Бүгінде алматылықтардың медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсету үшін 71 медициналық мекемеге тіркелу мүмкіндігі бар, оның ішінде 40 мемлекеттік және 31 жеке меншік нысаны бар", – деді Г. Ысқақова.

Спикердің айтуынша, тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Ол үшін емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс.

Атап өтсек, биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2023 жылдан бастап пайдалана алады. Жалпы, емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да бұрынғы клиниканың қызметін пайдалана берсе болады.

"Емхана өзі қызмет көрсететін аймақтан тыс жерде тұратын азаматтарды, сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме жүктемесі шектен асып кеткен жағдайда тіркеуден бас тартуы мүмкін. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, учаскедегі жалпы практика дәрігеріне тіркелгендер саны 1700-ден аспауы тиіс", – деп хабарлады өкіл.

Сондай-ақ, биыл тіркеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн. Бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Олар тіркелу үшін емхананың тіркеу бөліміне барып өтініш жазады.

Тіркеу науқанына Қордың мәліметтер базасына енген емдеу мекемелері ғана қатысады. Олардың толық тізімімен МСҚ ресми сайтындағы "Емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1988046-almatyda-emxanalarga-tirkelu-nauqany-bastaldy/

pixel