Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

Алматы көшесінде серуендеп жүрген ата
Алматы көшесінде серуендеп жүрген ата. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 116-ға дейін өсті, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми Telegram арнасында.

20 қыркүйекте коронавирус инфекциясы анықталған 116 адамның:

  • 17- і Астана қаласынан;
  • 12-і Алматы қаласынан;
  • 1-еуі Шымкент қаласынан;
  • 12-і Ақмола облысынан;
  • 3-еуі Ақтөбе облысынан;
  • 1-еуі Алматы облысынан;
  • 3-еуі Жетісу облысынан;
  • 1-еуі Атырау облысынан;
  • 7-еуі Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 9-ы Батыс Қазақстан облысынан;
  • 28-і Қарағанды облысынан;
  • 3-еуі Ұлытау облысынан;
  • 7-еуі Қостанай облысынан;
  • 5-еуі Маңғыстау облысынан;
  • 2-еуі Павлодар облысынан;
  • 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан.

Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 734 жетіп отыр.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте елімізде небәрі 64 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1988810-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-osti/

pixel