Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 28-ге дейін азайды

Опубликовано:

Дәрігер сынаманы орнына қоюда
Дәрігер сынаманы орнына қоюда. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 28-ге дейін азайып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2 қазанда коронавирус анықталған 28 адамның:

  • 9-Астана қаласынан;
  • 9-Алматы қаласынан;
  • 2-еуі Ақмола облысынан;
  • 1-еуі Абай облысынан;
  • 2-еуі Қарағанды облысынан;
  • 4-еуі Қостанай облысынан;
  • 1-еуі Павлодар облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 691 жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте, 32 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір республика бойынша 1 251 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 134 пациент стационарда, 1117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

4 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1990707-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-28-ge-deiin-azaidy/

pixel