Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Опубликовано:

Аудиторияда кітап оқып отырған студент
Бетперде таққан студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 59 адам тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

4 қазанда коронавирус анықталған 59 адамның:

  • 9-ы Астана қаласынан;
  • 8-і Алматы қаласынан;
  • 1-еуі Шымкент қаласынан;
  • 12-і Ақмола облысынан;
  • 2-еуі Алматы облысынан;
  • 1-еуі Жетісу облысынан;
  • 1-еуі Атырау облысынан;
  • 1-еуі Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 2-еуі Батыс Қазақстан облысынан;
  • 6-ауы Қарағанды облысынан;
  • 3-еуі Ұлытау облысынан;
  • 6-ауы Қостанай облысынан;
  • 2-еуі Павлодар облысынан;
  • 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан.

Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 779 жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 104 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 қазандағы мәліметінше, қазір республика бойынша 1 121 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 002 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

3 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1991100-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/

pixel