Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт жасар ұлыма керекпін": 22 жастағы алматылық келіншек қатерлі дертпен екінші рет күресіп жатыр

Опубликовано:

Гүлдана Келтірбай қатерлі дертке ұшырады
Гүлдана Келтірбай. Фото: жеке мұрағат

22 жастағы алматылық Гүлдана Келтірбай 2018 жылдан бері алаңсыз өмір сүріп жатқан тұрғындардың бірі. Ол 2017 жылы ақ қан ауруына ұшырап, қайсарлығы мен ерік-жігерінің арқасында жеңіп шыққан болатын. Алайда қатерлі дерт биыл тағы қылаң беріп, төрт жасар ұлдың анасын төсек таңып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлдана Келтірбай Алматы облысына қарасты Бақанас ауылында туып-өскен. Күні кешеге дейін қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеді. Төрт жасар ұлынан соң тағы да сәби сүйемін деп отырған жас келіншек бүгінде аяқ-қолы байлаулы күйге түсті.

"Кішкентайымнан аурушаң болғаным рас. Ата-анам дәрігерге көрсетіп, жазып алатын еді. 2017 жылы төбемнен жай түскендей оқиға болды. Дәрігерлер маған лейкоз диагнозын қойды. Бір жыл бойы Алматыда ем алып, жазылып шықтым. Содан соң тұрмыс құрып, балалы болдым. Осыдан соң аты жаман аурудан біржола құтылдым деп ойлаған едім. Бірақ бұл дерт маған қайта оралып отыр. 18 жасымда ракты жеңген едім, енді осы жолы маған көпшіліктің көмегі қажет", - дейді Гүлдана.

Бүгінде Гүлданадағы рак жасушалары көбейіп кеткен. Оған жілік майын ауыстыру қажет. Ал мұндай отаға қажетті қыруар қаражат қарапайым отбасында әсте жоқ.

"Стамбулдағы "Аджибадем" емханасына құжаттарымды жібердім. Олар қан анализін қарап, дереу Түркияға келуімді талап етіп отыр. Себебі өзім барып, қаралмайынша, олар отаның нақты сомасын айта алмайды. Стамбулға барып, қаралу үшін 20 миллион теңгедей қаражат керек. Әрі қарай ота құны өседі. Бір нәрсе анық - маған толық жазылу үшін жілік майын ауыстыру керек. Бұл өте күрделі кезең біздің отбасы үшін... Ата-анам мен жолдасым өте қарапайым адамдар. Менің өмір сүргім келеді. 4 жасар ұлыма керекпін ғой...", - дейді жас келіншек.

Қасиетті жұмада Гүлдана Келтірбайға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi 5169 4971 9171 1658

GULDANA KELTIRBAY

8 705 808 88 69, Гүлдана Талғатқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1993672-tort-zasar-ulyma-kerekpin-22-zastagy-almatylyq-kelinsek-qaterli-dertpen-ekinsi-ret-kuresip-zatyr/

pixel