Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтадағы апат: қарағандылық дәрігерлер зардап шеккен кеншілердің қазіргі жағдайын айтты

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтадағы апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алдын ала қойылған диагноз - метаннан улану. Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикологиялық бөліміне ауыстырылды. Ал уланудан бөлек, түрлі деңгейдегі жарақат алған екі адам Шахтинскіде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы консилиум өткізу үшін құрамында екі нейрохирург және екі реаниматолог маман бар санавиация бригадасы Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға келгенін атап өтті.

Айта кетейік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада бұрғылау кезінде газ шығып, төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Кейін іздестіріліп жатқан тағы бір адамның денесі табылды.

Төтенше жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, апатқа байланысты мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995548-darigerler-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-zardap-sekkenderdin-qazirgi-zagdaiyn-aitty/

pixel