Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмағы 5 келіден асады": Алматыда алып сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Наталья қызымен бірге
Наталья қызымен бірге. Фото: Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы

Алматы қаласының №4 перзентханасында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, акушерлер Натальяны кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді.

Алайда ол 1 қараша күні таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен өзі босанған. Өмірге салмағы 5100 грамм болатын қыз бала келген.

Дәрігерлердің сөзінше, УДЗ кезінде нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған.

Қазір Наталья сәбиімен бірге үйіне шығуға дайындалып жатыр. Олар қыздарына Дарья деген есім берген. Дарья отбасындағы төртінші бала.

"Жасым 38-де. 11 жастағы қызымыз, 9 және 2,7 жастағы ұлдарымыз бар. Міне енді Дарья есімді қызымыз дүниеге келіп отыр. Дарья - сый, сыйлық деген сөзден шыққан. Қызымыздың аман-есен өмірге келуіне үлес қосқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Акушерлердің жұмысы ауыр, олар нағыз батырлар", - дейді Наталья.

Көпбалалы ананың сөзінше, үлкен қызы да ірі салмақпен (4 100 грамм) туған.

Ал дәрігерлер қазір алып сәбилердің дүниеге келуі сирек жағдай емес дейді. Себебі биылдың өзінде №4 перзентханада салмағы 4 келіден асатын 621 бала 5 келіден асатын 10 бала дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995653-salmagy-5-keliden-asady-almatyda-alyp-sabi-duniege-keldi/

pixel