Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады

Опубликовано:

"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады
"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады : pixabay.com

Күз мезгілінде тұмау, бронхит, ринит, ларинготрахеит, аллергия салдарынан көптеген адамда жөтел пайда болуы мүмкін. Өкініштісі жиі сырқаттанатын жандарда жөтел көпке дейін кетпей, адамдардың мазасын алуы мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ үй жағдайында жөтелден небары бір-екі күнде айығатын әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрді.

Жөтелдің екі түрі болады:

  • Құрғақ – әдетте аурудың алғашқы күні байқалады, мұндай жөтелде қақырық сыртқа шықпайды, салдарынан тамақ жыбырлап, адамдар жиі жөтелуі мүмкін.
  • Ылғалды – қақырық шығатын жөтел түрі.

Ұзақтығы бойынша жөтел өткір жөтел (2-3 апта) және ұзақ мерзімді (3 аптадан бастап 3 айға дейін жалғасады), сондай-ақ созылмалы (3 айдан астам уақыт) болып 3-ке бөлінеді.

Құрғақ жөтелді қалай емдеуге болады?

Құрғақ жөтелді емдеу барысында науқастың жасы мен оның денсаулық жағдайы ескеріледі. Сол үшін алдымен құрғақ жөтелді жұмсартуға тырысу керек. Жалпы үй жағдайында жөтелден бір-ақ күнде қалай арылуға болады? Ол үшін келесідегідей әдістерді қолға алса болады:

  • Үш сағат сайын мұрынды теңіс суымен шаю
  • Тамақты екі сағат сайын тұз, ас содасы және фурацилинмен шаю қажет.
  • Кез келген антисепти кәмпиттерді қолдану
  • Ағзаның қорғану функциясын жақсарту үшін табиғи дәрі-дәрмектерді қабылдау: зімбір, лимон.
  • Мүмкіндігінше жылы суды көп ішіп, бөлме ауасын жиі тазартып, ылғалдандыру.

Қақырығы бар жөтелді қалай емдейміз?

Ол үшін қақырық шығаратын дәрілерді ішу қажет. Мұндайда құрғақ жөтелге арналған дәрілерде қабылдамаған жөн, себебі олар адамның жөтелу рефлексін керісінше тежеп, қақырықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді. Банка, горчичник қойған пайдалы немесе солодка, жолжелкен, миядан жасалған дәрілерді ішкен дұрыс.

Балалардың жөтелін тез емдеп алуға бола ма?

Балалар жөтелген кезде, ең алдымен бөлме ауасын ылғалдандыру қажет. Сосын жылы су, компот беріп, суық ингаляция жасаған абзал. Мәселен ингаляцияны екі сағат сайын минералды су немесе тұзды ерітіндімен жасап тұрса болады. Ал арқа мен тамаққа тек ыстық көтерілмеген жағдайда ғана арнайы мазьдарды жағуға болады.

"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады
"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады : pixabay.com

Сәбилердің жөтелін емдеудің тиімді тәсілдері

Сәбиге жөтел тиіп қалғанда, оны ең алдымен дәрігерге көрсету керек. Дәріден бөлек нәрестелер жөтелген уақытта төмендегідей ем-дом шаралары қолға алынады:

  • Небулайзерге тұз ерітіндісі құйып, ингаляция жасау
  • Дренажды массаж. Сәбиді басы төмен қарап тұратындай етіп жатқызады, сосын белден кеудеге қарай массаж жасап, кейін жылы киіндіріп қояды.
  • Дәрілік ем-шаралар. Ол үшін ең алдымен педиатр кеңесін алу керек.

Жүкті келіншектерге жөтелді қалай емдеу керек?

Жүкті келіншектер жөтелген уақытта кез келген дәріні қабылдамастан бұрын, өзінің дәрігерімен кеңесу керек. Негізінен мамандар екіқабат әйелдерге мынадай кеңестерге жүгінуге кеңес береді:

  • жылы компот, шай ішу (таңқурай ашйын ішуге тыйым салынады, себебі ол жатыр тонусына әкеп соқтыруы мүмкін)
  • бөлмені желдетіп, ауаны ылғалдандыру
  • температура болмаған жағдайда, серуенге, таза ауаға шығу
  • мұрын мен тамақты шайып, инфекцияның таралуының алдын алу.
"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады
"Құлан-таза айығасыз": Үй жағдайында жөтелді бір-ақ күнде қалай кетіруге болады : pixabay.com

Жөтелді емдеудің халықтық әдістері

Ұзаққа созылған жөтелді халықтық ем шаралары арқылы емдеп алуға болады. Солардың бірі - алоэ емдік шөбімен емделу. Бұл өсімдіктің бойында 75-тен астам қоректік заттар мен микроэлементтер бар, ол өз кезегінде қабынудың алдын алып, антиоксидантты әсерге ие болады. Мұндай тәсілді ғалым Д.Н. Олейников өзінің бір топ ғалыммен бірге жазған еңбегінде айтқан.

Ол үшін алоэның балғын жапырақшаларын алып, сыртқы қабығын тазарту керек. Кейін оны 2–3 тәулікке дейін тоңазытқышта сақтауға болады. Алоэны балмен бірге ішуге болады. Ол үшін алоэ жапырақтарын еттартқыштан өткізіп, оған тура осындай көлемде бал қосылады. Сосын қоспаны жылы суда жылытады. Тұнбаны тамақ ішкеннен кейін, әрбір 10–15 минут сайын ішкен жөн. Тұнбаны сумен бірге ішуге кеңес берілмейді.

Сонымен бірге пажитник өсімдігін де жөтел кезінде пайдалануға болады. Ол үшін аталған өсімдіктің дәндерін бір стакан суға салып, орташа отта 5-10 минут қайнату керек. Тұнбаны тәулігіне 3-4 реттен жарты стаканнан ішуге кеңес беріледі. Тұнбаға сондай-ақ бал қосып та ішуге болады. Бұл әдіс туралы И.Д. Кароматов пен С.И. Каххорова өздерінің ғылыми мақалаларында жазған болатын.

Жөтелден құлан-таза айығу үшін, 70%-дан астам жағдайда тыныс алу жолдарын ылғалдандыру қажет. Ол үшін көп су ішіп, бөлме ауасын жиі тазартып, ылғалдандырып отыру керек. Ал ылғалды жөтелде қақырық шығаратын препараттарды көптеп ішу керек.

Материал тек танымдық сипатта ұсынылып отыр. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Жоғарыда аталған кеңестерді жүзеге асырмастан бұрын, өз дәрігеріңізбен кеңесіп, рұқсатын алуды ұмытпаңыз.

Дереккөз:

  1. Олейников Д.Н., Зилфикаров И.Н., Ибрагимов Т.А., Торопова А.А., Танхаева Л.М. Химический состав сока алоэ древовидного (Aloe Arborescens Mill.) и его антиоксидантная активность (In vitro) // https://cyberleninka.ru/article/n/himicheskiy-sostav-soka-aloe-drevovidnogo-aloe-arborescens-mill-i-ego-antioksidantnaya-aktivnost-in-vitro/viewer
  2. Кароматов И.Д. Каххорова С.И.Забытое лекарственное растение — пажитник сенный // https://cyberleninka.ru/article/n/zabytoe-lekarstvennoe-rastenie-pazhitnik-sennyy/viewer

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995789-qulan-taza-aiygasyz-ui-zagdaiynda-zoteldi-bir-aq-kunde-qalai-ketiruge-bolady/

pixel