Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігер баланы маусымдық суық тиюден қалай қорғауға болатынын айтты

Опубликовано:

Анасы баласының тамағын тексеруде
Анасы баласының тамағын тексеруде. Көрнекі фото: Pexels.com

Алматы қаласының №4 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Динара Қалиева күзгі маусымда баланың иммунитетін нығайту үшін дұрыс тамақтануды ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға мән беріп және уақытылы екпе алу қажеттігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Күзде температура төмендейді, ауа ылғалдылығы жоғарылайды, күндізгі жарық қысқарады. Сәйкесінше ультракүлгін сәулелердің әсерінен синтезделетін және иммундық жүйеге үлкен әсері бар D дәруменін аз аламыз. Сондықтан суық ауа райының басталуымен бірге жіті респираторлық вирустық инфекциялар да жиілейді", – деп түсіндірді дәрігер.

Динара Қалиеваның айтуынша, баланың иммундық жүйесін нығайту үшін төрт қарапайым ережені сақтау керек: дұрыс тамақтану, жақсы ұйықтау, физикалық белсенділікке мән беру және екпе алу.

Бұған дейін жалпы тәжірибелік дәрігер Динара Қалиева балабақшаға қалай бару және ауырмау керек екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1996151-almatylyq-dariger-balany-mausymdyq-suyq-tiyuden-qalai-qorgauga-bolatynyn-aitty/

pixel