Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше айда алғаш рет бір тәулікте 100-ден аса қазақстандықтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сәрсенбі, 23 қарашада Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 116 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда КВИ+ жұқтырған 116 науқас анықталған.

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясының 100-ден астам жаңа жағдайы 23 қыркүйекте тіркелген еді. Ол кезде ел бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен 107 адам анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1998732-birnese-aidan-beri-algas-ret-bir-taulikte-100-den-asa-qazaqstandyqtan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel